NAVAI Тараздағы тергеу изоляторына жеткізіледі

Есірткі контрабандасына қатысты іс бойынша екі айға қамауға алынған рэпер NAVAI Тараздағы тергеу изоляторына жеткізіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Жамбыл облысының полициясы мәлімдеген. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, әнші мінген көлікті тексеру кезінде қызметтік ит жүргізуші орындығынан салмағы 2,53 грамм белгісіз затты табуға көмектескен.

Тәркіленген заттың нақты құрамы сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады. Әзірге зерттеу нәтижесінің қашан шығатыны хабарланған жоқ.

Айта кетейік, NAVAI 13 қазанда Қазақстанға кірмек болған кезде “Қордай” шекара бекетінде ұсталған. Ол мінген көлікті тексеру барысында күмәнді зат табылып, тәркіленген.

Есірткі Тергеу изолятор полиция

Тақырыпқа жаңалықтар