Нұрай Серікбайдың өлімі: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Марқұмның адвокаты Аянхан Омаровтың сөзінше, іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша қаралатын болды.

Бұл бап 15–20 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.

Бұған дейін іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі – «Адам өлтіру» бойынша қаралды.

Осылайша күдіктіге үш бап бойынша айып тағылып отыр:

99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы – «аса қатыгездікпен адам өлтіру»;

125-1-бап – «некеге тұруға мәжбүрлеу»;

115-1-бап – «сталкинг»;

Айта кетейік, 11 қаңтар кешке Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайды пышақтап

өлтіріп кеткен еді.

Нұрай Серікбай өлім Қылмыс Жаза

Тақырыпқа жаңалықтар