Қазақстан жаңалықтары15 сәуір 2024, 4:31

Нью-Йоркте Салтанат Нүкенованың құрметіне марш өтті

Нью-Йоркте Қазақстандағы әйел құқығы мен тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыс деп санайтын заңды қолдауға арналған митинг өтті. Нью-Йорктегі Таймс-скверге бүкіл ТМД елдерінің мәселесіне айналған тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына бейжай қарамайтын отандастарымыз, сондай-ақ АҚШ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан азаматтарынан 100-ге жуық адам жиналды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Нью-Йорктегі шараны ұйымдастырушылар – әйелдер құқығын қорғаушы отандастарымыз: Динара Жанпейісова мен Әсел Дарыбаева.

Динара Жанпейісова Нью-Йорктегі митингтің мақсатын айтты. Осылайша, наразылық білдірушілер Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмыстық жауапқа тарту туралы заңның қабылдануын қолдап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан заңға ешқандай өзгеріс енгізбей, қол қоюын сұрайды.

Жиынға қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан Салтанат Нүкеноваға қатысты соттың әділ шешімін талап етті.

Бұған қоса, наразылық білдірушілер 30-дан астам әйелдің өліміне қатысты қылмыстық істі қайта қарауды талап етіп отыр.

Дәл қазір Сан-Францискода, Милан, Париж, Барселона және Лондон сияқты Еуропа қалаларында жоғарыда аталған мақсатқа ұқсас митингілер өтуде.

Нью-Йорк митинг

Тақырыпқа жаңалықтар