Ойын алаңында баланы аяусыз тепкен ер адам ұсталды
Алматыда ойын алаңында баланы аяусыз тепкен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға Алатау ауданындағы тұрғын үй кешенінің ауласында болған. 36 жастағы тұрғын балалар арасындағы жанжалға араласып, бүлдіршінге күш көрсеткен.
Зардап шеккен бүлдіршіннің миы шайқалып, жағдайы нашарлаған соң ауруханаға жеткізілген. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева осы оқиға бойынша барлық қажетті көмек көрсетілетінін және жағдай қалалық уәкілдің бақылауында екенін хабарлады.
Келеңсіз жағдайға байланысты Алатау аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: