Қазақстан жаңалықтары30 наурыз 2024, 10:00

Олжас Бектенов: Алдымен адам өмірін сақтап қалайық, ал әкімдердің жұмысын кейін тексереміз

Егжей-тегжей тексеру жүргізіледі. Өңірлердегі су тасқынына байланысты әкімдердің әрекеті кейін бағаланады деген Үкімет басшысы, әуелі адам өмірін сақтап қалу мен апат зардабын азайту басты назарда екенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Премьер-министр Астанадағы дағдарыс жағдайын басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің есебін тыңдады.

Ведомство басшысының дерегінше, елімізде әкімдіктердің күшімен 2,3 млн текше метрден астам ағын су шығарылған.

162 мыңнан аса құм толтырылған қапшық төселді. Құтқару жұмыстарына 6 мыңнан аса адам, 2 мыңнан астам техника мен 689 сорғы құралы жұмылдырылған.

Бектенов өз кезегінде солтүстік өңірлерде де су басу қаупі бар екенін айтып, жауапты министрге еліміздің барлық өңіріндегі жұмыстарға бақылауды күшейтуді тапсырды

Олжас Бектенов, ҚР премьер-министрі:

— Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту. Кейін жекелеген лауазымды тұлғалардың өз қызмет міндеттеріне салғырт қарауының ықтимал фактілерін анықтау мақсатында егжей-тегжей тексеру жүргізілетін болады. Мен бұл мәселені Бас прокурормен талқыладым. Бүгінде барлық күш су тасқынына қарсы жұмысқа жұмылдырылды. Бірқатар өңірде төтенше жағдай жарияланды.

 

Олжас Бектенов адам өмірі әкімдер жұмысы Бас прокуратура

Тақырыпқа жаңалықтар