Орал тұрғыны үш күнде 39 рет жол ережесін бұзған
Фото: Polisia.kz
Polisia.kz
Қазақстан жаңалықтары4 қыркүйек 2024, 12:34

Орал тұрғыны үш күнде 39 рет жол ережесін бұзған

Оралда үш күн ішінде 39 рет жылдамдықты асырған жүргізушіге қомақты айыппұл салынды.  Жергілікті полицейлер жол ережесін қасақана бұзған жүргізушіні SuncarSmartQorgau жүйесі арқылы анықтаған. Ол Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігін тізгіндеген, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Айта кетейік, тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай емес екені және басқа да жол ережелерін бұзу фактілері анықталды», делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Жол ережесін бұзған жүргізушіге 1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

 

орал тұрғын Жол ережесі

Тақырыпқа жаңалықтар