Қазақстан жаңалықтары20 тамыз 2025, 12:22

Оралда ақша бопсалаған 23 жастағы жігіт ұсталды

Орал қаласында 23 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

БҚО полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы анықтағандай, күдікті 3 жыл бойы бұрынғы қызының фотосуреттерін интернетке таратамын деп қорқытып, одан ақша талап еткен. Осы уақыт аралығында жәбірленуші оған 9 млн теңге берген.

«Бопсалау фактісі банктік аударым және мессенджердегі хат-хабарлармен дәлелденген. Күдікті 150 мың теңге көлеміндегі қаражатты кезекті рет алған сәтінде қылмыс үстінде ұсталды», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

орал бопсалау ұсталды жігіт
18 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары
17 қыркүйек 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар