Орталық Азия елдерінің халқына визалық рәсімдерді жеңілдеткен дұрыс – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Орталық Азия елдерінің тарихы мен мәдени мұрасы бай, табиғаты әсем. Бұл жапон туристерін қызықтырары сөзсіз. Қазақстан Жапониямен туризм саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті.

Жапониялық туристер үшін Орта Азияның бірыңғай туристік маршрутын әзірлеген жөн деп есептеймін. Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің халқына визалық рәсімдерді жеңілдеткен дұрыс.

Бұл жапондық туристердің бір сапарда бірнеше елді аралап шығуына мүмкіндік береді. Ал біздің азаматтарымыз Күншығыс елімен етене таныса алады», - деді Президент.

Ақорда Президент Тоқаев Басшы

Тақырыпқа жаңалықтар