Өскемен қаласындағы «Қазмырыш» компаниясына қарасты металлургиялық зауытта өрт шықты

Өскемен қаласындағы «Қазмырыш» компаниясына қарасты металлургиялық зауытта өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 9 адам зардап шеккен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өндіріс цехында шаңнан тазарту құрылғысында жарылыс болған. Салдарынан өрт шығып, нысанның бір бөлігі опырылған.

Қазіргі уақытта ТЖМ күштері өртті оқшаулады. Құтқарушылар конструкцияларды бөлшектеп, өрт ошақтарына су құю жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Алдын ала ақпарат бойынша, 4 адам медициналық мекемеге жеткізілген.

Өскемен Зауыт Өрт шықты

Тақырыпқа жаңалықтар