Өскемен қаласының прокуроры уақытша қызметінен шеттетілді
Өскемен қаласының прокуроры уақытша қызметінен шеттетілді. Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүріп жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.
БАҚ пен әлеуметтік желілерде прокурор Тимур Чакпантаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат тарады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол қол астындағыларды соққыға жыққан,
"Полиция әзірге бұл ақпаратқа түсініктеме берген жоқ, алайда облыстық прокуратура мұндай істің бар екенін растады", - делінген материалда.
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы қазіргі уақытта прокурорға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, Өскемен қаласының прокуроры жауапкершілік туралы шешім қабылданғанға дейін уақытша қызметінен шеттетілді", – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.