Павлодар облысында экологияны жақсартуға 82 млрд теңге инвестиция салынды
Павлодар облысындағы ірі өндіріс орындары соңғы 3 жылда экологияны жақсарту жобаларына 82 млрд теңге инвестиция салған, деп хабарлайды Arbat.Media.
"Нәтижесінде ластану көрсеткіші 8%-ке азайған. Индустриялды өңірде мыңнан астам кәсіпорын бар. Қоршаған ортаға зиянды қалдық көбінде энергетикалық нысандардан шығады. Себебі біраз өндіріс әлі күнге дейін көмір жағады. «Сондықтан кәсіпорындарға автоматты бақылау жүйесін енгізу маңызды», - дейді мамандар.
Экология департаменті жыл басынан бері алпыстан аса жоспардан тыс тексеру жүргізген.
Рейдтердің негізгі мақсаты – экологиялық заңбұзушылықтардың алдын алу. Анықталған олқылықтар бойынша кәсіпорындарға қомақты айыппұл да салынған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: