Павлодар облысындағы жантүршігерлік жол апатынан 2 адам мерт болды
Павлодар облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
ПД дерегінше, оқиға 11 қазанда Омбы–Майқапшағай автожолында, Қызылқоғам ауылынан 3 шақырым жерде болған. "ВАЗ-2110" көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, бетпе-бет соқтығысқан.
Полиция мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтауға, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде абай болуға және көліктің техникалық жай-күйін қадағалауға шақырды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: