Павлодарда 2 мыңнан астам мектеп қызметкерінің жеке деректері желіге тарап кетті

Павлодар қаласындағы 28 білім беру мекемесінің қызметкерлері туралы құпия ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында ашық жарияланған, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Прокуратураның араласуынан кейін 2065 қызметкердің жеке мәліметтері порталдан жойылды.

Тексеріс барысында мектептердің медициналық тексеру қызметін сатып алу туралы хабарландыру жариялағанда, конкурстық құжаттамаға қызметкерлердің үй мекенжайларын, сауалнамалық деректері мен телефон нөмірлерін қоса тіркегені анықталды. Қазіргі уақытта бұл олқылыққа жол берген кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

павлодар дерек Мұғалім Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар