Павлодарда ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді
Павлодарда синтетикалық есірткі тарату арнасы әшкереленді. Күдікті ретінде жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тергеу мәліметінше, ол пәтер ішінде синтетикалық орамалар дайындаумен айналысқан. Ұсталған сәтте одан жалпы салмағы 1 келі 200 грамм болатын мефедронның 60-қа жуық орамасы табылды.
Пәтерді тінту кезінде синтетикалық және психотроптық заттардың ірі партиясы, сондай-ақ таразы, қаптама материалдары және өзге де айғақ заттар тәркіленді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: