Павлодарда іс жүзінде жоқ зауытқа 2,4 млрд теңге бөлінген
Павлодарда іс жүзінде жоқ зауытқа 2,4 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов айтты.
Ол кәсіпкерлерді қолдау шаралары бойынша қаржыландыру көлемі асыра көрсетілгенін жеткізді.
Айтуынша, бір жобаның өзінде 20 млрд теңге игерілмей қалған.
«Мемлекеттік қолдау шараларын алушылар үшін қарсы міндеттемелер белгіленуі тиіс. Олар орындалмаған жағдайда қаражат қайтарылуы қажет», - деді Смайылов.
133 млрд теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: