Павлодарда көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның денесі табылды
Павлодар қаласында ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.media.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға Махамбет Батыр көшесіндегі №2 үйдің ауласында болған. Оқиға орнына алғашқы болып жеткен тұрғындар ер адамның ес-түссіз жатқанын көріп, шұғыл түрде жедел жәрдем мен полиция шақыртқан.
Бұл жағдайды Павлодар облыстық полиция департаменті растады.
«М.Батыр көшесі, 2-үй ауласынан ер адамның денесі табылғаны туралы хабар бойынша ҚР ҚК 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр»,– деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: