Павлодарда прокуратура қызметкері алаяқтық жасаған
Павлодарда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Павлодар облысы прокуратурасының қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.
«Павлодар облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімі өңірлік ҰҚК департаментімен бірлесіп, Павлодар қаласының тұрғынының арызына сәйкес жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда. Өзге деректер жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: