Павлодарда жол апатынан бес адам қаза тапты

Бүгін, 23 қыркүйек күні «Павлодар–Қызылорда» автожолында қайғылы апат болды. Жеңіл көліктегі 4 жолаушы мен жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Toyota Lucida» жүргізушісі қашықтықты сақтамай, жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Toyota көлігіндегі 4 жолаушы мен жүргізуші тірідей жанып кетті. Полиция жол апатына қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

«Toyota Lucida» автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қашықтықты сақтамай, «Sitrak» жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Toyota автокөлігі өртеніп кеткен», - деп хабарлады облыстық ПД.

павлодар Апат Жол Марқұм

Тақырыпқа жаңалықтар