Петропавлда ер адам «көлік ішінде шылым шекпе» деген такси жүргізушісін ұрып өлтірді

Петропавлда 39 жастағы Виталий Глушков 60 жастағы таксист Андрей Белоконенконы өлтіргені үшін 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға 8 маусымда болған. Мас күйдегі Глушков таксиге мініп, темекі шегіп бастағанда, жүргізуші оған ескерту жасаған. Сол сәтте екеуінің арасында жанжал шығып, жолаушы таксистті көліктен сүйреп шығарып, ұрып тастаған.

Зардап шеккен жүргізуші 5 күн комада жатып, қайтыс болды. Сотта Глушков кінәсін мойындады, бірақ темекіні тұтатпағанын айтты. Сондай-ақ ол марқұмның отбасына 7 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Петропавл такси жүргізуші Көлік сот

Тақырыпқа жаңалықтар