Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды
Шымкентте «Nazira Gold» қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардан 52 автокөлік пен 17 келі бағалы бұйым тәркіленді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шымкент қаласында «Nazira Gold» қаржы пирамидасын құру және басқару ісі бойынша сот үкімі шықты. Қаржы пирамидасының қызметіне 4 мыңнан астам азамат тартылған.
Сот үкімімен 9 адам кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот шешімімен мемлекет пайдасына 402 млн теңге, 52 автокөлік, жеке тұрғын үй, элиталық тұрғын үй кешендеріндегі 2 пәтер, сондай-ақ 17 келі зергерлік бұйым тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: