“Полиция ескертеді”: Алаяқтар ЖИ арқылы қазақша сөйлей бастады

Алаяқтар қазақша “сөйлей” бастады. Министрлік ЖИ арқылы жасалатын алаяқтық белгісін атады, деп хабарлайды Arbat.media.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы кездері алаяқтар заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні пайдалана бастаған.

“Олар банк, құқық қорғау органдары немесе туыстар атынан хабарласып, шынайы адамның дауысын дәл салып, сенімге кіруге тырысады. Тіпті Deepfake технологиясын қолдана отырып, танымал тұлғалардың немесе жақын жандардың бейнесін шынайы етіп жасап,бейнеқоңырау шалу арқылы алдауға дейін барады. Алаяқтардың айқын белгісі – эмоциясыз дауыс, қисынсыз сөйлемдер мен асығыс әрекетке итермелейтін сөздер”, - делінген ақпаратта.

Министрлік күмән тудыратын хабарламалар мен қоңырауларға аса мұқият болуға кеңес береді. Сондай-ақ жеке деректерді – ЖСН, банк шоты, құпиясөздер мен SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге бермеуді ескертеді.

Ақпарат полиция Қылмыс сот

Тақырыпқа жаңалықтар