Placeholder Президент: Аймақ жұртшылығының мұң-мұқтажы мәслихат депутаттарының жіті назарында болуы тиіс
Фото: Ақорда
Aqorda
Қазақстан жаңалықтары3 қазан 2024, 19:44

Президент: Аймақ жұртшылығының мұң-мұқтажы мәслихат депутаттарының жіті назарында болуы тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада мәслихат депутаттарының ІІ республикалық форумында сөз сөйледі. «Депутаттар – өзекті мәселелерді ашық айта білетін, азаматтардың қоғамдағы ой-пікірін атқарушы билікке тікелей жеткізетін қауым. Бір сөзбен айтсақ, депутат болу – халықтың үні болу деген сөз. Мысалы, жаңа ғана сөз сөйлеген азаматтар өте маңызды мәселелерді көтерді. Әсет Махамбетовтің білікті маман ретінде атом энергиясы туралы пікірі өзекті. Сырымбек Сәрсембаев моноқалаларды дамыту жөнінде жақсы ұсыныстар айтты. Ринат Зайытовтың ұлттық өнерді қолдау туралы пайымдары да орынды. Депутаттар Юлия Кучинская және Евгений Буслаев та өте өзекті пікірлерін айтты», - деді Президент, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекет басшысы мәслихат – мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы екенін ерекше атап өтті.

«Аймақ жұртшылығының тыныс-тіршілігі, мұң-мұқтажы қашанда мәслихат депутаттарының жіті назарында болуға тиіс. Сайлаушылардың мүддесін қорғап, ел үмітін ақтау – басты парыз. Мен мәслихаттардың қызметіне ерекше мән беремін. Жалпы, елімізде 3300-ден астам мәслихат депутаты бар. Соның 70 пайызына жуығы осы залда отыр. Біз бүгін мәслихаттардың жұмысына және маңызды мәселелерге қатысты пікір алмасамыз», - деді Қ. Тоқаев.

мәслихат депутаттары ІІ республикалық форум Президент

Тақырыпқа жаңалықтар