Қазақстан жаңалықтары8 маусым 2026, 18:45

Қарағанды облысында 10 жастағы баланы тоқ соқты

Қарағанды облысында 10 жастағы баланы тоқ соқты. Оқиға 1 маусым кешкі сағат 18:30 шамасында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Менің інім электр бағанасына шыққан. Ол жерде балалар үнемі ойнап жүреді екен, дәл ойын алаңынан небәрі 2 метр жерде ғана тұр», - дейді баланың әпкесі Анастасия Рабиза.

Бала ток соққанда құлап, көмекке ересектердің бірі келіп, бірден жасанды тыныс алу жаттығуын жасаған.

Туыстарының айтуынша, жеткіншектің жүрегі тоқтап қалған. Жедел жәрдем оқиға орнына 7 минутта жеткен.

Оқиға өткелі ол жерге ешбір маман келмеді, қоршалмады дейді зардап шеккен баланың туыстары.

Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Қарағанды облыс Бала ток
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
20 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар