Қарағанды облысында апаттан бір отбасының 3 адамы көз жұмды
Қарағанды облысының Шет ауданы Бурма ауылындағы теміржол өткелінде қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
№75 жолаушылар пойызы Mazda көлігімен соқтығысқан. Апаттан көлік ішіндегі ер адам, оның жұбайы және 24 жастағы ұлы көз жұмды. ҚТЖ баспасөз қызметі ақпаратты растады.
Қайғылы жағдай кеше, 17 қыркүйек күні сағат 00.54 шамасында болған. Жолаушылар пойызы 92 км/сағ жылдамдықпен келе жатқанда, Mazda маркалы жеңіл автокөлік пойыз жолға шығып кеткен. Машинист пойызды шұғыл тежеуге тырысқанымен, апаттың алдын ала алмады.
ҚТЖқаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар, қазақстандықтарды теміржол өткелдерінің жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: