Қарағанды облысында шатырға кірпіш қойған бала анықталды
Қарағанды облысында полицейлер тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция әлеуметтік желідегі бейнежазбада көпқабатты үй шатырында кірпіш қойып, тұрғындарға қауіп төндірген 15 жастағы жасөспірімді анықтады.
Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, ол ішкі мектеп есебіне қойылды.
Заңды өкіліне әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: