Қарағандыда әйел терезеден құлап кетті

Қарағанды қаласында 30 жастағы әйел Вагонная көшесіндегі тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап, жарақат алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Куәгерлердің айтуынша, құлар алдында ол терезеден салбырап, бір ер адамның қолынан ұстап тұрған, алайда ер адамның күші жетпей қалған.

Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Полиция мәліметінше, әйел алкогольдік мас күйде болған. Оқиғаға байланысты оның бірге тұратын азаматы және тағы екі ер адам да мас күйінде полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қарағанды Әйел терезе құлады

Тақырыпқа жаңалықтар