Қарағандыда әкім қыз зорлады

Қарағанды облысының полициясы Шет ауданының 23 жастағы тұрғынының өтініші бойынша резонанстық қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Полиция департаментінің хабарлауынша, Шет ауданының ауылдық округтерінің бірінің әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді. Жәбірленушінің өтінішіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

«Арыз түскен күні күдікті ұсталып, қамалды. Соттың санкциясымен оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайныдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады полиция.

Қадағалау органы апелляциялық өтініш берген. Нәтижесінде ер адам қайта қамауға алынды.

 

Қарағанды Әкім Зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар