Қарағандыда анасы 4 жасар ұлын азаптап ұстаған

Қарағанды тұрғыны экс-әйелінің балаға зорлық-зомбылық көрсеткенін дәлелдеп, оны сот арқылы қайтарып алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Анасы баланың қолын байлап, үйінде жалғыз қалдырып, өзі кетіп қалған.

“Ұзақ жылап жатқанын естіген көршілер кілт тесігінен қолдары байланып, жылап бөлмені айналып жүгіріп жүрген баланы көрген. Олар жедел жәрдем шақырған”, - делінген хабарламада.

Осы мән-жайлар бойынша сот баланың анасының ата-ана құқығын шектеді, бала әкесімен тұратын болды.

Қарағанды Бала сот шешім

Тақырыпқа жаңалықтар