Қарағандыда анасы ұлының өліміне байланысты үш ауруханадан қаражат өндіріп алды
Қарағанды тұрғыны 16 жастағы ұлының өліміне байланысты үш ауруханадан 5 миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сот медицина қызметкерлерінің қателіктерін мойындап, ауруханаларды өтемақы төлеуге міндеттеді.
Жоғарғы соттың мәліметінше, жасөспірім дене қызуы көтерілген. Бірақ дәрігерлер баланы ауруханаға жатқызбаған.Кейін науқастың жағдайы нашарлап, дәрігерлер оны мамандандырылған клиникаға жібермеген.
Бір айдан соң жасөспірім қайтыс болды.
Сот шешімі заңды күшіне енді — апелляция өзгеріссіз қалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: