Түркістан облысында екі адам мінген көлік суға батты
Түркістан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері суға түсіп кеткен көліктен екі адамды құтқарды, деп хабарлайды Arbat.Media.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше жеңіл автокөлік Сайрам ауданы Қарашық ауылындағы Қарашық каналына белгісіз жағдайда түсіп кеткен.
«Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері үйлесімді және жедел әрекет етіп, құтқару арқанын пайдаланып, ер адамдарды қауіпсіз жерге шығарды», - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар арнайы авариялық-құтқару көлігінің көмегімен автокөлік судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: