Қарағандыда газ жарылып, адамдар зардап шекті

Қарағандыда қоғамдық тамақтану орнында газ жарылып, төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Облыстық ТЖД мәліметінше, сыйымдылығы 17 л баллонда газ-ауа қоспасы жарылған.

Салдарынан 30 шаршы метр жерді өрт шарпыды.

Құтқарушылар іштен екі газ баллонын алып шығып, өрттің таралуын болдырмады.

Күйік шалған 4 адам ауруханаға жеткізілді.

Қарағанды газ жарылды Адам

Тақырыпқа жаңалықтар