Қарағандыдағы саябақта аттракцион құлап, екі адам зардап шекті
Қарағандыда Орталық мәдениет және демалыс саябағында «тікұшақ» аттракционы құлады. Нәтижесінде әйел мен бала зардап шекті. «Қарағанды қаласының орталық саябағында „тікұшақ“ аттракционының құлауы орын алды. Бір әйел мен бала зардап шекті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Аттракцион жеке меншікте. Меншік иесінде барлық пайдалану құжаттары бар. Маусым басталар алдында аттракцион сараптамадан өтті», - деп таратты Қарағанды қаласының Саябақтар басқармасы, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстық іс қозғалды, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында болған оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.