“Қарындасым мықты ғой”: Димаш Құдайбергеннің тойдағы тілегі талқыға түсті

Танымал әнші Димаш Құдайберген Шымкент қаласына қарындасы Раушанның үлкен тойына барды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әлемге танылған әншінің тойда айтқан тілегі көпшіліктің көңілінен шықты.

"Екі жас бақытты болсын. Раушанмен осыған дейін де, қазір де қалай мақтансам, бүгінде Ермаханымызбен де мақтанып жүрміз. Ақылыныа көркі сай, келбеті келіскен, таланты тоғысқан азаматты таңдаған менің қарындасым да ақылды ғой, мықты ғой. Сол себептен осындай қуаныштарда бас қосып, араға жылдар салып кезінде Раушан мен Ермаханның тойында бірге болған едік деген естелігімізді айтып жүре берейік", - деді Димаш Құдайберген.

Желі қолданушылары Димаштың қарапайымдылығына тәнті болып, жағымды пікірлер жазды.

"Жұлдыз болып кеткен кейбір әртістер тойға келуге уақыт таба алмай шіренер еді. Әлемге танымал жұлдыз міне, тойда тілек айтып тұр", "Димаш көрегенді, қарапайым, ақылды азамат", "Қарапайымдылығы керемет", деді олар.

Димаш Құдайберген Әнші той
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары
8 тамыз 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар