Қазақстан жаңалықтары3 маусым 2025, 11:43

Қаржаубай Шерзатты өлтіргендердің біріне кешірім берді

Шерзаттың әкесі кәмелетке толмаған күдіктіге кешірім берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шерзат Полаттың қазасына кінәлілер 7 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Абзал Шынасыл Шерзаттың өлімі үшін айыпты деген прокурор оны 23 жылға қамауды сұрады.

Ал жәбірленуші тараптың адвокаты Шерзаттың анасы Абзал Шынасылды баласын өлтіргені үшін өмір бойына темір торға қамауды сұрағанын жеткізді.

Прокурор куәгер Эльмира Нұрбекова, Дана Жақсыкелді және Қазыкенов пен Розыбакиевті қылмысты жасырып қалғаны үшін заң аясында жазалау туралы өтініш жасады.

Ал Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов кәмелетке толмаған жасөспірімге кешірім берді.

Айта кетейік, Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы бүгін, 3 маусым күні әрі қарай жалғасады.

 

Шерзат Полат сот өлім

Тақырыпқа жаңалықтар