Қазақ дәрігері Қытайдың ең беделді орденін алды
Қазақ дәрігері Қытайдың ең беделді орденімен марапатталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шыңжаңдағы шекаралық өңір тұрғындарының денсаулығын қорғауға 40 жылдан астам ғұмырын арнаған қазақ дәрігері Оқас Сүлеймен Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары әрі ең беделді «1 шілде» орденімен марапатталды.
Ол 1975 жылдан бері 100 мыңнан астам науқасты емдеп, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға және 3200-ден астам нәрестенің дүниеге келуіне көмектескен.
Осылайша Оқас Сүлеймен аталған жоғары марапатқа ие болған алғашқы қазақ ұлтының өкілі атанды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: