Қазақстан жаңалықтары27 қараша 2023, 15:42

«Қазақмыстағы» жұмысшылар өлімі: Комиссия құрылды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жайсан» кенішінде орын алған жазатайым оқиғаны тексеру барысын жеке бақылауына алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кеніш орнына әкімдікте арнайы құрылған комиссия аттанып кетті, деп жазады Kazinform.

Облыс әкімдігі Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы – бас мемлекеттік еңбек инспекторы Жарылқасын Айтақов бастаған комиссия құрамында ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның өкілдері бар.

Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков оқиға орнында жүр.

«Қазақмыс» компаниясының Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ.Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылы туған жұмысшылары ауыр жарақаттан мерт болды.

Бұл «Қазақмысқа» тиесілі кеніштерде соңғы уақытта орын алған алғашқы оқиға емес. Атап айтқанда, осыдан бір апта бұрын «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған байыту фабрикасында машинист мерт болды. 

Ал 6 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында жұмысшы қаза тауып, «Жыланды» кенішінде 6 қызметкер жарақат алғаны хабарланған еді.

Жамбыл облысы Қазақмыс жұмысшылар өлімі комиссия

Тақырыпқа жаңалықтар