Қазақстан әуе компанияларына Иран әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынды
Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларына Иран әуе кеңістігі арқылы ұшуға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Шешім ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің артуымен байланысты.
Қазір барлық рейстер қауіпті аймақты айналып өту арқылы орындалып жатыр. Бұған дейін Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana мен FlyArystan маршруттарын өзгерткенін хабарлаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: