Қазақстан жаңалықтары7 қараша 2023, 0:52

Қазақстан Палестинаға 1 млн доллар жіберді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміз Палестина халқына гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті.

«Газа секторындағы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Палестина халқына 1 млн АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. Бұл шешімді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде айтты. Қазақстан Үкіметі бөлген қаржы БҰҰ Таяу Шығыс агенттігіне аударылды», - деді Айбек Смадияров.

«Бейбіт саясат пен әділдік қағидатын ұстанатын Қазақстан әрқашан төтенше жағдайға тап болған мемлекеттерге қолдау көрсетуге ұмтылады», - деп толықтырды А. Смадияров.

Қазақстан Палестинаға көмек

Тақырыпқа жаңалықтар