Қазақстан жаңалықтары29 қараша 2023, 15:19

Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек жібереді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, - деп хабарлайды Arbat.media.  

Аталған мәселе ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.

Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.

Қазақстанның қолдауы Газа секторында болған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.

Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек көрсеткен болатын.

Қазақстан Палестина гуманитарлық көмек

Тақырыпқа жаңалықтар