Қазақстанда алдағы күндері үсік күтіледі
Синоптиктер 24, 25 және 26 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.media.
Республиканың басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда түнгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда 1-3 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда.
- 24 сәуірге қараған түні Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік күтіледі;
- 24–25 сәуір аралығында Павлодар облысында салқындау болады;
- 25 сәуірде Қарағанды облысында да күн суытады;
- 25–26 сәуірге қараған түнде Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 1-6 градусқа дейін үсік болады деп болжануда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: