Қазақстанда алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға операция жасалды

Күрделі отаны Алматы онкология орталығының хирургтары роботтандырылған хирургиялық жүйенің көмегімен жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мамандар асқазанның бір бөлігін үлкен тілік жасамай алып тастаған. Заманауи технология операцияның жарақаттылығын азайтып, науқастың тезірек қалпына келуіне мүмкіндік береді.

Ота барысында хирургке анатомиялық құрылымдарды анық көруге көмектесетін технология қолданылған. Бұл - орталық дәрігерлерінің робот көмегімен жасаған 15-ші операциясы.

Аурухана Ота хирург Робот

Тақырыпқа жаңалықтар