Қазақстанда әскери қызметкерлерге берілетін көмек ұлғайды

Қазақстанда әскери қызметкерлерге берілетін материалдық көмек 425 мың теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Төлемнің жаңа тәртібі туралы бұйрық 21 сәуірде күшіне енді.

Енді материалдық көмектің мөлшері ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) қатысты еселеніп есептеледі.

Биыл ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, төлемдер бюджет қаражатын үнемдеу есебінен жүзеге асырылады.

“Жақын туыстары, жұбайы немесе қайын жұрты қайтыс болған жағдайда материалдық көмек ең төменгі жалақының бес есесіне дейін, яғни 425 мың теңгеге дейін төленуі мүмкін. Ал некеге тұру, бала туу, бала асырап алу, мүліктік зиян келу немесе емделу керек болған жағдайда ең төменгі жалақының үш есесіне дейін, яғни 255 мың теңгеге дейін беріледі”, – делінген құжатта.

Әскер Ақша Көмек Қаржы
27 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
27 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
27 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
27 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар