Қазақстанда баспана сатып алу көрсеткіші төмендеді

Қазақстанда баспана сатып алу көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мамырда 30 мыңнан астам жылжымайтын мүлік сатылған. Бұл 2026 жылғы сәуірмен салыстырғанда 13,5%-ға аз.

Ал былтырғы мамырмен салыстырғанда 10,5% азайды. Ол кезде 33 986 болған.

Мәмілелер саны бойынша Астана – 5 122 (16,8%) және Алматы – 4 925 (16,2%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы – 2 630 (8,6%) көш бастап тұр.

Ұлытау облысында ең аз көрсеткіш тіркелді – 261 мәміле (0,9%).

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы сауда 2025 жылғы қаңтар-мамыр айымен салыстырғанда 5,8% төмендеді.

Баспана Көрсеткіш төмендеді халық

Тақырыпқа жаңалықтар