Қазақстанда бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады
2026 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді деп, хабарлайды Arbat.Media.
Ең көп арзандаған өнім – қияр. Оның бағасы бір аптада 4,6%-ға төмендеді. Сондай-ақ қызанақ пен сәбіз 3,2%-ға, жұмыртқа 0,4%-ға, ұн 0,3%-ға және тауық еті 0,2%-ға арзандады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы ең көп Ақтауда (0,7%-ға) төмендеді. Сондай-ақ Қонаев, Жезқазған, Петропавл, Тараз, Қарағанды және Түркістан қалаларында да бағаның төмендеуі тіркелді. Ал Астана, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Павлодар және Семейде баға өткен апта деңгейінде сақталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: