Қазақстанда жаңа мемлекеттік марапат енгізіледі

Қазақстанда жаңа мемлекеттік марапат енгізіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен кездесуде мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи атындағы орден қосылатынын мәлімдеді.

Орден отандық және шетелдік ғалымдарға, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлеріне беріледі. Президенттің айтуынша, бұл бастама ұлттық рухани мұраны дәріптеуге және Ясауи мұрасын әлемге танытуға бағытталған.

Қазір Қазақстанда «Алтын Қыран», «Барыс», «Құрмет» ордендері бар.

Қазақстан Марапат мемлекет енгізілді

Тақырыпқа жаңалықтар