Қазақстандағы алғашқы АЭС «Балқаш» деп аталады

Қазақстандағы алғашқы АЭС «Балқаш» деп аталады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Елдегі алғашқы атом электр станциясына атау беру бойынша жалпы халықтық конкурс мәресіне жетті. Конкурс 25 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтті.

Конкурсқа 16 жастан асқан 27 157 Қазақстан азаматы қатысып, ең танымал 100 атау қаралды. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысының нәтижесі бойынша азаматтардан ең көп ұсынылған «Балқаш» атом электр станциясы» атауы жеңімпаз деп танылды.

2025 жылғы 5 қыркүйекте құрамына қоғам өкілдері, креатив индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кірген Конкурс комиссиясы құрылды.

Түскен барлық өтінімдерден 10 460 бірегей нұсқа анықталды. Өңдеу барысында кириллица, латын әрпі және мағыналас сөздер сияқты жазудың түрлі формалары да ескерілді», - деп хабарлады Атом энергиясы жөніндегі агенттік.

«Балқаш» атом электр станциясы» атауын 882 азамат ұсынған.

АЭС Атау Балқаш Құрылыс

Тақырыпқа жаңалықтар