Қазақстандық туристке шетелде жарнама тақтасы құлап, көз жұмды
Қазақстандық турист Шарм-эль-Шейх әуежайында көз жұмды. Әйелге жарнама тақтасы құлап кеткен, деп хабарлайды Arbat.media Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Одан бөлек тағы екі қазақстандық әйел жарақат алды. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Сыртқы істер министрлігі марқұмның туыстарымен байланыс орнатылғанын хабарлады.
“Кеше Шарм-эш-Шейх әуежайында рейсті күту аймағында жарнама тақтасы құлап кетті. Салдарынан Қазақстан азаматы көз жұмды, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақаттар алды. Марқұмның туыстарымен байланыс орнатылды, елші барлық сұрақ бойынша көмектесіп жатыр. Зардап шеккен әйелдерге қажетті медициналық көмек көрсетілді, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ”, – делінген хабарламада.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: