Қазақстандықтар Құрбан айт мерекесіне қанша күн демалады?
Маусым айында қазақстандықтар мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі — Құрбан айт мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды Arbat.media.
2025 жылы Құрбан айттың бірінші күні жұма — 6 маусымға сәйкес келеді. Осыған байланысты қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.
Құрбан айттағы демалыс күндері — бес күн жұмыс істейтіндер үшін — 6, 7 және 8 маусым демалыс күндері болады. Ал алты күн жұмыс істейтінден — 6 және 8 маусым күндері демалады. Ал 7 маусым жұмыс күні.
Құрбан айт — ислам дініндегі ең маңызды діни мейрамдардың бірі. Ол Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң тойланады. Бұл мейрам Меккедегі қажылықтың аяқталуына сәйкес келеді және мұсылмандар үшін үлкен рухани мәнге ие.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: