Қазақстанның басым бөлігінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде көктайғақ пен тұман болатынын хабарлап, ескерту жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбеде қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/c-қа, түнде екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Оралда қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші 15-20 м/c-қа, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбар, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/c-қа, түнде екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жамбыл облысында таулы аудандарында қар, кей уақыттарда қатты қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-қа, екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/c-қа, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман, бұрқасын болады. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с-қа, күндіз 15-20 м/c-қа, облыстың солтүстігінде 25 м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күннің соңында қатты жаңбыр болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с-а жетеді.

Петропавлда күндіз қар, бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Астанада көктайғақ болады.

Атырауда қар, көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/c-қа, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, күндіз көктайғақ болады.

Жезқазғанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

желтоқсан Ауа райы болжам синоптик
Кеше, 17:29 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:41 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар