Қазақтарға тіл тигізген Екатерина Биволдың ісі сотта қаралатын болды
Биволға қатысты әкімшілік іс Санкт-Петербургте тіркелген. Сот өшпенділік тудыру және адамның қадір-қасиетін кемсіту бабымен іс қозғаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Істің қозғалуына 22 қазанда Telegram желісінде жарияланған видео себеп болған. Кадрда ол қазақтар мен қырғыздарды қорлап, бір ұлттың басқа ұлттан "генетикалық тұрғыда үстем" екенін мәлімдеген.
Ресейде оған қатысты тексеру қараша айында басталды. Енді сот отырысы келер жылдың 29 қаңтарына белгіленді.
Бұған дейін Қырғызстан танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қарсы қылмыстық іс қозғаған еді. Оған ұлттық және нәсілдік араздықты қоздырды деген айып тағылды. Ал Қазақстан тарапы Екатеринаға халықаралық іздеу жариялады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: